ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНДЕ КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУЛАР БАСТАЛДЫ
Бүгін облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, басқарма басшыларының міндетін атқарушылар таныстырылды.
«Бұған дейін де айтқанымыздай біздегі басқармалар саны шағын құрамда болады. Бас-аяғы 18 басқарма құрылып, 251 штат саны бекітілді. Кейбір басқармалар біріктірілді. Енді бірі жеке өз алдына басқарма болып бекітілді», — деді облыс басшысы.
Сонымен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып Аман Сайлаубекұлы Барикенов тағайындалды. Ол қаржы, экономика мәселелерін үйлестіретін болады. Облыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет, энергетика, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары болып Ұлантай Төлеутайұлы Үсенов тағайындалды.
Келесі басқармалар басшыларының міндетін атқарушылар тағайындалды:
Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы – М. Мырзабекова;
Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы – С. Балмағанбетов;
Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы – Ә. Омар;
Ұлытау облысының білім басқармасы – С. Төлекова ;
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы – Л. Ранова
Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – З. Ақылбекова;
Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – Ж. Бегаев;
Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы – Ғ. Төлеуов;
Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы – Қ. Имантүспов;
Ұлытау облысының экономика басқармасы – Е. Мырзабеков;
Ұлытау облысының қаржы басқармасы – В. Ставицкая;
Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы – А. Әйтенов;
Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы – А. Жандарбеков;
Ұлытау облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – К. Смағұлов;
Ұлытау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы – Т. Әлменов;
Ұлытау облысының ветеринария басқармасы – Ә. Әбдікер.