Ұлытау облысы бойынша өңірлік кадр резервіне іріктеудің жеңімпаздары

Ұлытау облысы бойынша іріктелген өңірлік кадр резервінің мүшелері анықталды.

Өңірлік жас басшылар пулын қалыптастыру мақсатында осы жылдың наурызында кадр резервіне құжат қабылдау өткізілген болатын.

35 жастан аспаған үш жыл еңбек өтілі бар азаматтар алты түрлі іріктеу кезеңінен өтті.

Нәтижесінде Ұлытау облысынан талаптарға сай келген 20 азамат қабылданды.