ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жеңіс Шәдіұлы Қиянбеков 1986 жылы 9 мамырда туған.

Мамандығы бойынша қаржыгер және заңгер.

Қазақ ұлттық аграрлық университетін және Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысының қаржы басқармасында жетекші маман болып бастаған.

Әр түрлі жылдары Алматы облысы қаржы басқармасы бюджет атқарылуын мониторингілеу бөлімінің басшысы;

Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің шоттар және түсімдер бөлімінің басшысы;

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы және Жезқазған қаласы қазынашылық басқармасының басшысы болған.

Кейінгі жылдары ҚР Бас прокуратурасы ішкі аудит басқармасының және Ұлытау облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы болып қызмет етті.