ҰЛЫТАУ АУЫЛЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Аманжол Мырзабековтың төрағалығымен, аудан әкімінің орынбасарлары және жауапты мекеме басшыларының қатысуымен Ұлытау ауылдық округінің бас жоспарына түзетулер енгізу мақсатында жиын өтті.

Басқосуда аудан орталығының даму жағдайлары қарастырылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды бас жоспарға сәйкес орналастыру, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілерін тарту мәселесі талқыланды.

Ұлытау ауылының бас жоспарының негізгі жобасы алдағы уақытта қоғамдық талқылауға ұсынылады.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.