Ұлытау ауданының өнімдері – облыс орталығындағы жәрмеңкеде

Облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қала тұрғындарына табиғи әрі сапалы өнімдер ұсынылды. Жәрмеңкеге Ұлытау ауданына қарасты Мибұлақ, Борсеңгір, Сарысу ауылдарының тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін ұсынды.



Сауда сөрелерінде ет өнімдерімен қатар, құрт, май, қаймақ, ірімшік секілді сүт өнімдері қолжетімді бағамен сатылды. Бұл тұрғындарға сапалы өнімді тиімді бағамен алуға мүмкіндік берді.

Мұндай шаралар ауыл еңбеккерлерін қолдауға және бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді. Алдағы уақытта да жәрмеңкелер тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.