Ұлытау ауданының медициналық ұйымдары тыл еңбеккерлеріне құрмет пен қамқорлық көрсетуде

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту – халқымыз үшін үлкен тарихи маңызға ие оқиға. Бұл – тек жеңіс күні ғана емес, сонымен қатар, елінің амандығы үшін аянбай еңбек еткен жандарға алғыс білдіретін сәт. Осыған орай, Ұлытау ауданының медицина қызметкерлері тыл еңбеккерлеріне шын жүректен алғыс білдіріп, оларға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыруда.

Атап айтқанда, соғыс ардагерлері мен тылда аянбай еңбек еткен жандарға кезектен тыс кешенді медициналық тексерулер ұйымдастырылып, қажет болған жағдайда үйлеріне барып қарау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеңілдікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, үйде немесе стационар жағдайында тегін ем алу мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл шаралардың барлығы ардақты ардагерлеріміз бен еңбеккерлерімізге деген терең құрметтің айғағы.

Ұлытау аудандық ауруханасының қамқорлығындағы тыл еңбеккерлері:
Досанова Шайзамал, Муканова Канипаш, Есмаганбетова Кулайым, Жарасбаева Балымша, Макенбаева Алтыншаш, Окумбаева Шарипулла, Нұрмағамбетов Совет, Нұртазаева Күлдариға.

Сіздердің ел үшін төккен маңдай терлеріңіз, төзім мен табандылықтарыңыз – біз үшін өлшеусіз үлгі.