Ұлытау ауданында жылжымалы дәріхана ауылдарды аралауда
Ұлытау аудандық орталықтандырылған ауруханасының әлеуметтік жылжымалы жәрдем көлігі аудан бойынша барлық кент, ауылдарды аралау жұмыстарын жүргізуде.
Бүгін аталған әлеуметтік жәрдем көлігі Ұлытау ауданының Шеңбер ауылында болып, жергілікті тұрғындарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Нәтижесінде мамандар тұрғындарға арзан бағада қажетті дәрі-дәрмек үлестіріп, ауырған жағдайда дәрілерді дұрыс қолдану жөнінде кеңес берді.
Сондай-ақ, антибиотиктер, қызуды түсіретін, қанды сұйылтатын және басқа да сұранысқа ие дәрі-дәрмектер жеткілікті көлемде жеткізілді.
Алдағы уақытта жоспарға сәйкес, жылжымалы дәріхана басқа да кент, ауылдарды араламақ.