Ұлытау ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға беріледі
Ұлытау ауданы Қаракеңгір ауылында фельшерлік-акушерлік пунк Денсаулық сақтау саласы бойынша облыстық бюджет есебінен салынуда.
Құрылыс жұмысы 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізілуде. Биыл құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, қолданысқа беру жоспарлануда.
Қазіргі таңда 25 адамға арналған медициналық мекеме ғимаратының құрылысын белгіленген уақытпен сапалы жасалуда. Жұмыстарды «Грандстройсервис» ЖШС атқаруда.
Одан бөлек, бүгінгі күні денсаулық сақтау саласы бойынша ауылға жас мамандарды тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.