ҰЛЫТАУ АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНЕН ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ
ҚҰРМЕТТІ ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚТАР!
2025 жылғы 19 тамыз күні Жезқазған қаласында Ұлытау ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
⠀
Жәрмеңкеде Ұлытау ауданына қарасты Сарысу, Мибұлақ, Борсеңгір ауылдарының жергілікті тауар өндірушілері өз өнімдерін (ет, қымыз, сүт, май, қаймақ, ірімшік) шығаратын болады.
Өнімдер арнайы қаптамада дайындалып, халыққа қолжетімді бағада ұсынылады. Мұндай жәрмеңке жыл аяғына дейін жалғасын табатын болады.
Өтетін орны: Жезқазған қаласы, Нарық базары.
Жәрмеңкеден қалыс қалмаңыздар!!!