Ұлытауға Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса келді

Мәжіліс депутаты Қазыбек ИСА Ұлытау ауданына арнайы келді. Халық қалаулысы әуелі аудан әкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВПЕН кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты.

Аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпараттандырып, бірқатар түйткілді мәселелерді атап өтті.
Бұдан соң мәжіліс депутаты ауданның ардагерлерімен мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл ақсақалдары тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, мәселені шешу жолдары қарастырылды. Кездесуде мәдениет саласы қызметкерлерінің
жалақысы шалғай елдімекендерге көшіп келушілерге арнайы бағдарлама дайындап, олардың тұрғын үй мәселесін шешу сияқты мәселелер кетерілді. Іссалар барысында Қазыбек Жарылқасынұлы Ұлытау ауданында салынып жатқан нысандарды аралап, жұмыстарымен танысты.