Ұлантай Үсенов Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ұлантай Төлеутайұлы Үсенов 47 жаста, Жаңаарқа ауданында туған.

Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Қазақ тұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихаты аппаратында маман болып бастап, әр жылдары Жаңаарқа, Абай аудандарында, Сәтбаев қаласында жауапты мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарған.

2018 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған.

Үйленген, 2 баласы бар.