Ләззат Ранова «Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
Ләззат Нәбиқызы Ранова, 57 жаста. Ұлытау ауданы Қарсақбай кентінде туған.
Жезқазған қаласындағы № 3 мектептің түлегі.
Екі жоғары білімі бар, Қарағанды Мемлекеттік медицина институтын, Мәскеу заманауи гуманитарлық Академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1988 жылы Жезқазған қаласындағы №1 ауруханада хирург-дәрігер ретінде бастаған. Әр жылдары денсаулық сақтау мекемелерінде, Жезқазған медициналық колледжінде еңбек еткен. 2018 жылдан бастап Қарағанды облысы Денсаулық сақтау Басқармасының Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысы болып қызмет атқарды.
Отбасылы,3 баласы бар.