КВИ-ге қарсы ілкімді іс

Жуырда коронавирус инфекциясынан қорғану мақсатында Жезді кенті әкімі аппаратының бас маманы Қайрат Әлсейт тұрғындар арасында ақпараттық жұмыс жүргізді.

– Биыл кенттегі эпидемиялық жағдай әркімді ойландырып, келешекке күмәнмен қарай бастағанымыз жасырын емес. Оның үстіне фейк парақшалардағы вакцина жөнінде негізсіз мәліметтер кімді болса да күдікке жетелегені анық. Сондықтан, кент тұрғындарын сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету үшін түсіндірме жұмыстарын жүргіздім, — дейді бас маман.