Кен орнындағы келелі кездесу

Аудан әкімі Аманжол Мырзабеков және аудан прокуроры Рахымжан Рахатов Сарысу ауылдық округіне қарасты “Үш шоқы” кен орнында жанадан іске қосылған асыл және түсті металл кендерін өңдеу фабрикасы “BASS GOLD” ЖШС жұмысымен танысты.

Кен орнында 120, ал өңдеу фабрикасында 50 адам жұмыспен қамтылған. Өңдеу өнеркәсібі биылғы жылдың 6 айында 342,5 млн.теңгенің өнімін өндіріп отыр. Өңделмеген, ұнтақ түріндегі күміс 21 кг, өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын 16 кг.

Сондай-ақ, аудан басшысы кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, жұмысшыларға жасап жатқан жағдайы, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша пікір алмасты.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.