Kaspikz компаниясының негізін қалаушылар Мемлекет басшысының қабылдауында болды

Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Президентке Kaspikz компаниясы қызметінің нәтижесі мен шағын, орта бизнесті дамытуға арналған жаңа сервис құру жоспары жөнінде мәлімет берді.

Елімізде 700 мыңға жуық отандық кәсіпкер өз бизнесін Kaspikz технологияларының көмегімен дамытып жатыр. Биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде тауарлар мен қызметтер үшін 12 трлн теңге көлемінде қолма-қол ақшасыз төлем жасалып, 150 мың жеке кәсіпкер тіркелген.

Мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген онлайн-сервистердің көмегімен қазақстандықтар салықтарды мерзімінде төлеу мүмкіндігіне ие болды. Жыл басынан бері бюджетке 1,1 трлн теңгеден астам салық пен басқа да төлемдер түскен.