«Ішімдіксіз ауылға» ізгілік ұялайды

Ұлытау облысындағы Жаңаарқа және Ұлытау аудандардың ақсақалдары әрі жастарының бастамасымен бірқатар ауыл алкоголь өнімдерінен түбегейлі бас тартты.

Нәтижесінде тұрмыстық жанжалдар мен қылмыстық оқиғалар азайып, салауатты өмір салты айқын орнықты. Бүгінде облыс бойынша барлығы 19 ауыл «ішімдіксіз елді мекендер» қатарына қосылды.

Оның 18-і Жаңаарқа ауданында (Сәкен, Айнабұлақ, Алғабас, Ескене, Ақтасты, Ақтүбек, Жұмажанов, Орынбай, Қараағаш, Ақтау, Қылыш, Жаңаталап, Қарамола, Байғұл, Өркендеу, Атасу, 189-ауыл), біреуі Ұлытау ауданында – 1 ауыл (Байқоңыр).

Алғашқы жылдары бастамаға небәрі бес ауыл қатысса, бүгінде олардың саны он тоғызға жетті. Бұл қадам қоғамдық ахуалды жақсартып қана қоймай, жастардың спортқа ден қоюына, ұлттық құндылықтардың қайта жаңғыруына ықпал етті.