Инфрақұрылым жақсармай, туризм дамымайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса назар аударды.
Менің өз басыма инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу бағыты бойынша айтылған түйінді ойлар ерекше әсер етті. Мәселен, «Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды», — деген сөздері айрықша қуантты. Мен Абай облысында туып-өскенмін. Жылдар бойы елге барғанда, жол қиындығын көріп келемін. Енді сол жол заманауи талапқа сай жөнделіп, бітіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Сондай-ақ, «Балқаш және Алакөл демалыс аймақтарындағы ұшу-қону жолақтары толық жаңғыртылды», — деген сөзі де қуантты. Жылда Алакөлге демалыс кезінде бару үшін қиналамыз. Енді жазғы демалыс кезінде бірнеше авиарейс ұшырылса, көп адам қолжетімді бағамен Алакөлге барып емделіп, тынығып қайтатын болады.
Гүлім БАЙМАҒАНБЕТОВА,
әдістемелік-библиографиялық бөлім меңгерушісі.