ІІМ жүргізушілерге қойылатын «жаңа талаптар» туралы қауесетті жоққа шығарды
Соңғы күндері жүргізушілер арасында «енді өзіңмен бірге құжаттардың түпнұсқасын алып жүру міндетті болады» деген мазмұндағы дауыстық хабарлама жаппай тараған болатын.

ІІМ бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және жүргізушілер үшін ешқандай жаңа талап енгізілмегенін айтты.
«WhatsApp мессенджерінде жүргізушілер енді барлық құжаттарын өзімен бірге алып жүруі тиіс деген дауыстық хабарлама шындыққа жанаспайды. Расталмаған мәліметтерді таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», делінген ведомство хабарламасында.
