ХАТТАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ ҚАРАЛДЫ

Облыс әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің 2024 жылғы 23 тамыздағы Ұлытау облысына сапары барысында берілген хаттамалық тапсырмасын орындауға қатысты кеңес өтті.

Жиында тиісті салаларға жетекшілік ететін әкім орынбасарлары Үкімет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы бойынша баяндады.

Атап айтқанда, кеңесте инфрақұрылымдық жобалар және оларды жүзеге асыру үшін қаражат бөлуге қатысты сұрақтар, инвестициялық бастамалар, оларды іске қосу бағыттары талқыланды. Сонымен қатар «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен жүзеге асып жатқан жобалардың қазіргі жағдайы бойынша баяндалды.

Кеңес соңында облыс әкімі аталған мәселелер бойынша хаттамада көрсетілген іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуының маңыздылығын және олар бойынша әр орынбасардың жауапкершілігін ерекше атап өтті.