Халық санағы: Ұлытау ауданы көш бастап тұр

30 қыркүйек сағат 8:00-дегі дерек бойынша, Қарағанды облысында 402 844 адам онлайн режиминде халық санағынан өткен. Бұл облыс халқының 29,3%-ы.


Жалпы аймақ бойынша халық санағынан онлайн режимде өткендердің көшін Ұлытау ауданы бастап тұр. Аудан халқының  48,2%  интернет-сауалнамадан өтіп, санақшыларға өз деректерін ұсынған. Сондай-ақ,  Нұра ауданында (43,7%) және Приозер (40,5%) қаласында халықтың белсенділігі өте жоғары болып жатыр. Ал, Қарағанды мен Қаражал қалаларында керсінше, белсенділік тым төмен. Қарағанды қаласында тұрғындардың 26,4%, Қаражалда 25,5%-ы ғана онлайн санақтан өткен.