Халық қаһарманы Мұхтар Алтынбаев — «Ұлытау облысының Құрметті азаматы»
ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесі мүшелерінің Ұлытау облысы әкімімен және облыс активімен кездесуі барысында армия генералы, әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы, Халық қаһарманы Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа «Ұлытау облысының Құрметті азаматы» атағы ресми түрде табысталды.
Құрметті сыйлықты Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы табыс етті.
Еске салайық, «Ұлытау облысының Құрметті азаматы» — тұңғыш рет былтыр Республика күніне орай өңірімізден шыққан, ел аумағында және халықаралық деңгейде танымал бес азаматқа берілген болатын.
Олар: академик Төрегелді Шарманов, ғалым Темірғали Көкетай, Халық қаһарманы Мұхтар Алтынбаев, қоғам қайраткері Мұхамбет Көпеев, ақын Жүрсін Ерман.