Газет жанашыры
Қасиетті Ұлытау өңіріндегі аудандық «Ұлытау» газеті оқырмандардың талғамымен үндес басылымға айналды десек, асыра айтқандығымыз емес.
Бүгінде аталған басылымға жазылатындардың қатары жыл сайын арта түсуде. Тек қана аудан тұрғындары ғана емес, Жезқазған – Сəтбаев қалаларынан да газетке жазылатындар бар. Соның бірі, мыс шаһарының тұрғыны Бекзат Үмбетов. Ол өзі 2024 жылдың он екі айына газетке жазылып, əрі Шеңбер ауылының 10 зейнеткеріне «Ұлытау» үнжариясына жазылуына қолдау көрсетті. Зейнеткерлердің газетке жазылу бағасын өз қаражаты есебінен төледі.
Атымтай жомарт азаматқа аудандық «Ұлытау» газетінің редакция ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз.
Аудандық «Ұлытау» газеті редакциясының ұжымы.