Есірткі ешкімді есіркемейді
Жастар арасында есірткі тұтынудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы мақсатта «Жастар арасындағы есірткі тұтынудың алдын алу жолдары. Есірткі тұтынатын жастарды оңалту» және «Чемпиондық рух» жобаларын іске асыру аясында жастар Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста Ұлытау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Айна Бекмухановна Атабаева арнайы баяндама жасап, жастарды салауатты өмірге баулу, есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы тың ақпараттармен бөлісті.