Бүгін eGov порталы уақытша жұмыс істемейді
2 тамыз сағат 02:00–ден 06:00–ге дейін дейін техникалық жұмыс жүргізіледі.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспардан тыс техникалық жүргізілетінін хабарлаймыз»,-делінген хабарламада.
Осыған байланысты бірқатар мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:
✅eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);
✅e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
✅ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы сервистері;
✅«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
✅Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.