Ерлікке қойылған кешен

Бүгін Қоскөл ауылында Қарақұм көтерілісіне қатысушыларға арналған мемориалдық кешен бой көтерді.

Осынау еңселі кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Аманжол Мырзабеков пен аудандық мәслихаттың төрағасы Ахат Құрмансейітов қатысты.

Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында осы елді мекен тұрғындарының өтінішіне сәйкес аудандық бюджет қаражаты есебінен 1930 жылғы Қарақұм көтерілісіне қатысушыларға арналған мемориалдық кешен салынды. Құрылыс «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында өтті.

Жұмыстарды жеке кәсіпкер  «Санжар-Димаш» атқарды.