Еліміздің барлық өңірінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті
Бүгін үздік заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдар өкілдері азаматтарға тегін құқықтық кеңес беріп, түрлі мәселелерін шешуге көмектесті.
Кеңес тақырыптары — кредит пен алименттен бастап, жер, тұрғын үй, мұра, еңбек және салық қатынастарына дейінгі бағыттарды қамтыды.

Бұл игі шараны Бас прокуратура, Әділет министрлігі және Республикалық адвокаттар алқасы ұйымдастырды.

2016 жылдан бері акция аясында 300 мыңнан астам адам тегін құқықтық көмек алған.
Заңды сақтасақ, тәртіп орнайды!

 
			 	 
			 	 
			 	