Елімізде ұлттық Wi-Fi операторы пайда болады
Еліміздің қалаларында интернетке бірыңғай қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық Wi-Fi операторын құру жоспарлануда.
Бұл туралы Үкімет отырысында баяндалды.
Жоба әлеуметтік маңызы бар нысандарда желіні орналастыруды көздейді. Нақтырақ айтсақ, шекара бекеттерінде, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, сондай-ақ мектептер мен медициналық мекемелерде пайда болады.
Бірінші кезеңде жоба 10 қалада 400 орынды қамтиды. 2026 жылға қарай желіні 10 мың қосу нүктесіне дейін, ал 2027 жылға қарай 20 мыңға дейін кеңейту жоспарлануда.