Еліңмен бірге жасайсың . . .
Аласармайтын асқар таудай ардақты азамат,
отбасының тірегі, елім деп соққан жүрегі,
Ұлытау ауданының Құрметті азаматы,
аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы
Жақия САДЫҚОВТЫҢ рухына.
Құдайдың сүйген құлы едің,
Халықтың адал ұлы едің.
Еңбегің сіңген еліне,
Қазыналы қарттың бірі едің.
Амандығы еді халқыңның,
Əрқашан сенің тілегің.
Қапыда келіп сұм ажал,
Тоқтады-ау үлкен жүрегің.
Бұл ажал кімді алмаған,
124 мың пайғамбар,
33 мың сахаба, 99 машайық.
Бəрінде ажал жалмаған,
Осылардан жалғанда,
Біреуі тірі қалмаған.
Мейірімсіз ажалдан,
Құтылған сірə бар ма адам?!
Жақия да өтті өмірден,
Еңбегін елге арнаған.
Тек қана жақсылық ойлайтын,
Жамандық іске бармаған.
Өмірден өтті асыл жан,
Бұйрық келіп Алладан.
Естен шықпас есімің,
Алдыңнан жансын шырағың.
Пейіштің ашып есігін,
Жұмақта болсын тұрағың,
Əумин!
Мағзұмбек МАШАЙЫҚҰЛЫ,
Қазақстанның Құрметті журналисі,
Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.