Елде метапневмовирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

Қоймаларда жоғарғы және төменгі тыныс жолының инфекциясын емдеуге арналған қажетті препарат қоры бар, – деп хабарлады СҚ-Фармация.

Науқастар саны артып, медициналық инфрақұрылымға жүктеме өскен жағдайда Бірыңғай дистрибьютор өңірлердің сұранысына жедел ден қоюға дайын, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында метапневмовирустық инфекция (HMPV) анықталғанын хабарлады. Ал Қытайда бұл вирус өршіп тұр.