Биыл 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы өседі

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% — ға кезең-кезеңімен арттыру жалғасады.

Бухгалтер, экономист, заңгер, мұрағатшы, кітапханашы, мұражайтанушы, орманшы, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы көтеріледі.

Осылайша 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санатының жалақысы 2 есеге ұлғаяды.