Ел ертеңінің бағдары

Президенттің биылғы Жолдауы – елдің даму бағытын айқындап берген маңызды құжат деп ойлаймын. Онда әрбір азаматтың өміріне тікелей әсер ететін нақты мәселелер қозғалды. Әсіресе, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жастарға мүмкіндік беру, білім мен денсаулық саласын жетілдіру сияқты бағыттар көңілімнен шықты.

Маған ұнағаны – Жолдауда бос уәде емес, нақты істер туралы айтылды. Халықтың сенімін ақтау үшін мемлекет тарапынан жаңа бастамалар қолға алынатыны қуантады. Президент ел бірлігі мен әділдікке ерекше назар аударды. Расында да, қоғамда әділдік орнаса, дамуға жол ашылады.
Бұл Жолдау бәрімізге ой салады. Әр адам өз ісінде адал болып, ел игілігі үшін еңбек етсе, Қазақстанның болашағы жарқын болары анық. Сондықтан мен үшін Президент Жолдауы – қоғамның айнасы, елдің ертеңіне жол сілтейтін басты құжат болмақ.

Ғазиз МОЛДАМҰХАНОВ.