Ел болашағына қатысты маңызды бағыттарды талқылау аясында ақсақалдармен кездесу ұйымдастырылды

Іс-шара барысында алдағы референдумның мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, оның мемлекет дамуына ықпалы жөнінде мазмұнды пікір алмасу өтті. Сонымен қатар, Жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқаны атап өтілді.

Жиын барысында ақсақалдар ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және азаматтық белсенділікті арттыру жөнінде өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді. Референдумға қатысу – әр азаматтың ел болашағына қосқан үлесі екені ерекше айтылды.

Кездесу еркін диалог форматында өтіп, барлық ұсыныстар мен пікірлер назарға алынды. Алдағы уақытта көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жалғасын табады.

Ортақ мақсат – қоғам пікірін ескере отырып, ел дамуына қатысты маңызды шешімдерді бірлесе қабылдау.

Бірлік пен тұрақтылық – кемел келешектің берік негізі.