Екпе алуға мән бере бастады
Аудан бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылау тұрғысында арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Таяуда аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбек, аудандық орталық аурухананың басшысы Жұмаш Баймұратов, аудандық бас санитар Ерлан Танабаев, өңір басшысының тапсырмасымен Аманкелді ауылында болып қайтты.
Сапар барысында аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбекұлы ауыл тұрғындарымен жүздесіп, індетке қарсы екпенің маңызы мен тиімділігі жөнінде насихат жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде аудандық аурухананың басшысы Жұмаш Баймұратов індеттің алдын алудағы басты шараларының бірі – екпе алу жұмысының жайында егжей-тегжейлі айтып берді. Ауданның бас санитар дәрігері Ерлан Танабаев та вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігін баяндады.
Жиын соңында ауыл әкімі Ноян Жеңсікбаев түсіндіру тобына алғысын білдіріп, алдағы уақытта да вакцина жөнінде ақпараттық жұмыстарды өз орталарында жалғастыра беретіндігін жеткізді.