Еңбек адамы – ел тірегі

Қазақ халқы ежелден еңбекке ерекше мән берген. «Еңбек – өмірдің мәні» деп бағалап, маңдай термен тапқан нанды адал ризық санаған. Қазіргі таңда да еліміздің өсіп-өркендеуі, қоғамның дамуы, ауыл мен қаланың гүлденуі – қарапайым еңбек адамдарының тынымсыз тіршілігімен тығыз байланысты.

Бүгінгі күнде әр салада еңбек етіп жүрген жандар – елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп отырған азаматтар. Олар – егін еккен диқан, мал бағып отырған шопан, бала тәрбиелеп отырған мұғалім, адам өміріне араша түсіп жүрген дәрігер, көше тазалап жүрген жұмысшы, құрылысшы, металлург, шахтер. Олардың барлығы – қоғамның көрінбейтін қаһармандары.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауларында «Еңбек адамы – Жаңа Қазақстанның негізін қалаушы» екенін ерекше атап өткен болатын. Бұл – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік.

Маржан БУЛЕГЕНОВА,
белсенді жас.