Еңбек адамы – ел мақтанышы

Еңбек – адамның өмір сүруінің басты тірегі. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халқымыз әрдайым еңбекті қадірлеп, еңбекқор адамды ардақтаған. Шын мәнінде, еліміздің өркендеуіне, қоғамның дамуына үлес қосатын – еңбек адамы.

Еңбек адамы – таңмен таласа тұрып, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, маңдай терімен табыс табатын жан. Ол – егін еккен дихан, мал баққан шопан, білім үйреткен ұстаз, ауруға араша болған дәрігер. Осындай жандардың тынымсыз еңбегі арқасында ел экономикасы дамып, халықтың тұрмысы жақсарады.

Серік БАЙМАҒАНБЕТОВ,
Қоғамдық кеңес төрағасы.