Достық әзілдер
Кеңесші Мағзұмбек МАШАЙЫҚҰЛЫНА
Жарты ғасыр газетте қызмет еткен,
Қарт қаламгер жырымен шуақ сепкен.
Кейде Сізді Жамбылға ұқсатамыз,
Кейде аумайсыз депутат Косаревтен.
Алла берген денсаулық арқасында,
100-ден бір-ақ асыңыз осы бетпен!
Корректор Әлия ҚАЙСАРҚЫЗЫНА
Газетке алғаш келгенде,
Талдырмаш, нәзік қыз едің.
40 жыл әрбір нөмірдің
Қатесін тауып түзедің.
Әдейі қате жазбаймыз,
Таға берме бізге мін!
Тілші Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫНА
Меншігінде екі бет нөмір сайын,
Бес саусақтай біледі газет жайын.
Ұйқысынан оятып, сұрасаң да,
Мақаласы әп-сәтте тұрар дайын.
Белсендісі өзіңсің «Ұлытаудың»,
Тек хабарсыз кетпеші, «Ізім-қайым»!
Шарж суреттерді салған Қазыбек МҰҚАНОВ
Әріптестермен әзілдескен Рахымжан ӘДЕНҰЛЫ