«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясы: Жаңаарқа ауданында ашық кездесу өтті
Жаңаарқа ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Жаңаарқа аудандық төрағасы ретінде Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттары Б.Ш. Бекежанова, Ж.С.Рысбеков, Жаңаарқа аудандық мәслихатының депутаты А.Ү.Исиналармен бірге Жаңа Конституция жобасын кеңінен түсіндіру мақсатында мәдени-сауық орталығының қызметкелерімен кездесу өтті.

Басқосуда ұсынылып отырған өзгерістердің саяси жүйені демократияландыруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың басқару ісіне қатысуын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

«AMANAT» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалының атқарушы хатшысы Аманкелді Түсіпов коалицияның мақсаты мен қоғамдық-саяси маңызына тоқталды. Сондай-ақ жаңашылдықтар Парламент пен өкілді органдардың рөлін күшейтіп, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға серпін беретінін айтты.

Кездесу барысында қатысушылар реформалардың әлеуметтік салаға әсері мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту перспективаларын талқылады. Жиын қорытындысында жаңа Конституция жобасын кәсіби ортада талқылау ел болашағына жауапкершілікпен қарауға ықпал ететіні айтылды.

