Департаментте – жаңа басшы

Құралай Мұқажанқызы Айдарханова Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Құралай Айдарханова 1981 жылы Жезқазғанда дүниеге келген.

Еңбек қызметі:

2003 жылдан бастап мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында түрлі басшылық қызмет атқарды.

2016 жылдан бастап Астана қаласы, Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қызметті үйлестіру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ орталық филиалында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.

2022 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.