Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға өтініштерді қабылдау

Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар тізілімге енгізу мақсатында Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосу мәселелерін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның» қарауына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2300033105) ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады.


Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының ( https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033105) көрсетілген, 2-қосымшадағы бекітілген нысандарға (форма) сәйкес басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.
Өтінім берілетін орын: Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы 1, 5-қабат, №515 кабинет. Электрондық пошта мекенжайы: upp_ ulytau@mail.ru.
Байланыс телефондары: 8-776-149-67- 19.
Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін жұмыс күндері сағат 10-нан 18-ге дейін (жергілікті уақыт).