Дәрігерге қол көтергендер 12 жылға сотталады

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар үшін жаза күшейтілді. Сенатта жаңа айыппұл мөлшері мен түрме мерзімдері белгілі болды.

Қорқыту үшін: 790 мыңнан 1,9 млн теңгеге дейін (200–500 АЕК) айыппұл немесе 2-3 жылға бас бостандығынан айыру.
Күш қолдану (жеңіл): 1,9 млн-нан 4 млн теңгеге дейін (500–1000 АЕК) айыппұл немесе 3 жылға дейін түрме.
Ауыр қылмыс үшін: 3 жылдан 7 жылға дейін, ал өміріне қауіп төндірсе 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

2019 жылдан бері 280 шабуыл тіркелген. Бұрын жылына 5-10 оқиға болса, қазір бұл көрсеткіш 70-тен асқан. Биылдың өзінде 25 дәрігер, 33 медбике және 9 жедел жәрдем жүргізушісі зардап шеккен.