Биылдан бастап жол ережесіне қатысты айыппұлдар өседі
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар шамамен 10 пайызға артады. Жаңа АЕК 4 325 теңге болып белгіленді. Осы көрсеткішке байланған барлық әкімшілік айыппұл мөлшері де соған сай көбейеді. Биылдан бастап жол ережесіне қатысты айыппұлдар өседі.

Жылдамдықты асырғаны үшін (592-бап)
▪10-20 км/сағ асыру: 5 АЕК – 21 625 теңге;
▪20-40 км/сағ: 10 АЕК – 43 250 теңге;
▪40-60 км/сағ: 20 АЕК – 86 500 теңге;
▪60 км/сағ және одан көп: 40 АЕК – 173 000 теңге
Қауіпсіздік белдігін тақпау, жүк пен жолаушы тасымалдау тәртібі (593-бап)
▫Белдіксіз немесе мотошлемсіз жүру: 5 АЕК – 21 625 теңге;
▫Жолаушыны салоннан тыс тасымалдау, терезеден шығару: 10 АЕК – 43 250 теңге.
