Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау ауданына жұмыс сапарымен келді

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында аймақ басшысы Терісаққан және Шеңбер ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралады. 
 Жергілікті мәдениет үйлерінде аймақ басшысы тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Жергілікті тұрғындар ауыл шаруашылығына, инфрақұрылымға, әлеуметтік салаға қатысты мәселелерге алаңдаушылық танытты.
 Облыс басшысы өз сөзінде биыл Терісаққан және Шеңбер ауылдарында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттердің (ФАП) құрылысы басталатынын атап өтті. Сондай-ақ, ауданға ауыз су жеткізіліп, кентішілік жолдарға асфальт төселеді.
 Сонымен қатар, облыс әкімі Ұлытау ауданында ауылшаруашылығын дамытудың өзектілігіне де тоқталып өтті.  Бұл үшін мемлекеттік қолдаудың қажетті тетіктері бар.
 Кездесу барысында фермерлерге жеңілдікпен берілетін несие беру туралы толыққанды ақпарат беріліп, осы бағытта әкімдікпен  бірлесіп жұмыс істеуг ұсынылды. Бұдан соң Берік Әбдіғалиұлы бастаған жұмыс тобы жаңа ФАП құрылысының барысын бақылады.
Өңірдің су тасқыны кезеңіне дайынғы да назардан тыс қалмай, жауапты орган өкілдерімен бірге пысықталды.