Берік Әбдіғалиұлы «Қазақстан құрылысшылар одағы» Президиумының төрағасымен кездесті
Ұлытау облысына жұмыс сапарымен ЗТБ «Қазақстан құрылысшылар одағы» төрағасы Т.Ерғалиев келді. Сапардың негізгі мақсаты-біздің өңірде филиал құру.
Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлымен кездесу барысында біздің өңірдегі заңды тұлғалар бірлестігі жұмысының жоспарлары мен міндеттері талқыланды.
Айта кету керек, «Қазақстан құрылысшылар одағы» — республиканың барлық құрылыс саласын біріктіреді, өз қатарында 1400-ден астам компания бар және ел өңірлерінде 17 филиалы бар.
Қазақстан құрылысшылар одағы барлық құрылыс кешенінің табысты жұмыс істеуіне және дамуына көмектеседі, әкімшілік бюрократиялық кедергілерді жоюға, тауарлар мен қызметтерді ілгерілетуге көмек көрсетеді, сенімді компания мәртебесін нығайтуға көмектеседі, сондай-ақ қала құрылысы және салық кодекстерін әзірлеуге қатысады.