Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасымен кездесті

️ Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Бас мүфти біздің аймаққа өзінің жұмыс сапары аясында келді.️ Кездесуде облыстағы діни ахуал, сондай-ақ оның қоғамға әсері талқыланды.

«Біз әрқашан Ұлытау облысының рухани дамуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Біздің мақсатымыз – ел игілігі үшін қызмет ету», – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.
️ Кездесу соңында Бас мүфти мен облыс әкімі Ұлытау өңірінде бірқатар бірлескен жобаны жүзеге асыруға келісті.