Басты мәселелер – бақылауда

Аудан əкімінің міндетін атқарушы Мақсұт ОСПАНОВТЫҢ төрағалығымен кеңейтілген аппарат мəжілісі өтті. Біршама маңызды мəселелер қарастырылған жиынға кент, ауыл əкімдері ZOOM платформасы арқылы онлайн қосылды.

Күн тəртібіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жағдайы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автокөлік жолдары жəне тұрғынүй инспекциясы бөлімінің басшысы Бақтияр Пардабеков баяндады. Бұған қатысты ауданда бірнеше орталықтандырылған қоқыс төгетін орындар ашу жөнінде талап қойылып, кент, ауыл əкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Азық-түлік қорын қамтамасыз ету, əлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарларының бағасы жөнінде аудандық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп бөлімінің басшысы Гүлнар Ауғанова хабарлама жасады. Жауапты тұлға аудандағы бірнеше кəсіпкер жаңа оқу жылы қарсаңында əлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсеткенін де атап өтті.

Мəселеге қатысты Мақсұт Сəрсембайұлы бау-бақша өнімдерін арзандатылған бағамен сату, жалпы бағаны тұрақтандыру бағытындағы жұмыстарды ширатуды міндеттеді. Кент, ауыл əкімдеріне бау-бақша егу жұмысын қадағалауды тапсырды.

Əлеуметтік салаларға бөлінетін грант бойынша аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Баянқұл Аманжолов ақпарат ұсынды. Жиында өзге де мəселелер талқыланып, тұжырымдалды.

Аудан əкімінің баспасөз қызметі.