Бас дәрігер іске кірісті
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығына сәйкес, Жұмаш Сабырұлы БАЙМҰРАТОВ 2021 жылдың 4 тамызынан бастап, «Ұлытау ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК директоры лауазымына тағайындалды.
Жұмаш Сабырұлы 1959 жылы Ұлытау селосында дүниеге келген. 1976 жылы Ұлытау орта мектебін тәмамдаған. 1977 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, оны 1983 жылы бітірген.
— 1983-1984 жылдары – Жезқазған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесінің дәрігері;
— 1985-1989 жылдары – Ұлытау аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесінде дәрігер және бас дәрігер;
— 1989 жылдан бастап, тағайындалғанға дейін Егінді ауылдық округі отбасылық-дәрігерлік амбулаториясында аға дәрігер қызметін атқарған.
Бірінші санатты дәрігер. Денсаулық сақтау ісінің үздігі.