Тамыз айынан бастап баланың денсаулық паспорты электронды форматқа ауыстырылады
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстың шеңберінде баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа көшіру жобасын әзірледі.
Ата-аналар бұл құжатты 1 сыныпқа түскен кезде міндетті түрде мектепке ұсынады, бұл жыл сайын 380 мыңнан астам баланы құрайды.
Енді білім беру мекемелері оқушылардың денсаулық жағдайы туралы өзекті деректерді жедел ала алады, олар емханаларда медициналық қарап-тексеруден кейін автоматты түрде берілетін болады.