Балқашта Бертіс шығанағы ауданында инфрақұрылым құрылысы басталды
Балқашта Бертіс шығанағының жағалауында демалу үшін жаңа орындарды жайластыру жоспарлануда. Ал қазір бұл ауданда инженерлік коммуникацияларды жүргізуге кірісіп кетті.
— Бертіс шығанағы ауданында сумен жабдықтау, кәріз және электрмен жабдықтау желілерін жүргізу бойынша жұмыстар басталды. Жағалауды абаттандыру 2022 жылға жоспарланған, — деді Балқаш қаласы құрылыс бөлімінің бас маманы Саржан Сламғали.
Жобаны іске асыру өңірдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Аумағы 61 га болатын жағалау аумағын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, демалуға арналған террасалар, спорт, ойын және қарау алаңдары және т.б. қарастырылған, көгалдандыру жоспарлануда.