Балқаш пен Жезқазғанда экосенбілік өтеді
Экологиялық акция 25 қыркүйек сағат 12:00-де Балқаш көлі мен Кеңгір су қоймасында өтеді. Бұл көптеген қазақстандықтардың сүйікті демалыс орындары.
Көктемде еріген сулармен бірге су қоймаларында қоқыс қалмас үшін, күзде жағалауда немқұрайлы демалушылар қалдырған қоқысты алып тастау өте маңызды.
Балқаштықтарды ұйымдастырушылар қалалық жағажайда күтеді (бағдар – медициналық колледж). Жезқазғандықтар жиналатын орын – Кеңгір су қоймасының жағалық бөлігі («Лагуна» жеке жағажайының сол жағында).
Экоакция кезінде қалдықтарды сұрыптау бойынша шеберлік сабақтары өтеді, ақпараттық қалқандар орнатылады, сондай-ақ фотосессиялар ұйымдастырылады.
Сенбілікті ұйымдастырушылар қолғап, қоқыс қаптары мен ауыз су береді.
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
— +7-705-759-99-09 (Ирина, Қарағанды ЭкоМұражай);
— +7-707-809-43-65 (Маржан, Балқаш қаласы Оқушылар сарайының One Power еріктілер клубы);
— +7-705-222-09-66 (Андрей, Жезқазған қаласының балалар мен жасөспірімдерді дамыту орталығы).