Байқоңыр ауылы клуб үйіне заманауи LED экран орнатылды

Байқоңыр ауылының клуб үйіне демеушілік есебінен заман талабына сай LED экран орнатылды. Қондырғы мәдени-көпшілік іс-шаралар барысында бейнероликтер, таныстырылымдар мен ақпараттық материалдарды жоғары сапада көрсетуге мүмкіндік береді.

Жаңа экран мерекелік кештер мен мәдени шаралардың мазмұнын байытып, көрермендерге ыңғайлы жағдай жасайды және мәдениет саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға септігін тигізеді.

Айта кету керек, осындай заманауи LED экранды Қоскөл ауылына орнату жұмыстары да демеушілік есебінен жүзеге асырылуда.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.